Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  96


Автор: Жарылқасын Аманұлы

БІРЕУДІҢ МЕН ДЕ СЕНДЕЙ БАЛҚАЙМАҒЫ

Біреудің мен де сендей балқаймағы,
Балбырап бал татыған таңдайдағы.
Өзімнен төмен біреу ту ұстаса,
Жүр шығар маңдайымның жанбай бағы.
Күншілге күнің түссе – сорлағаның,
Жабығып жадау жаның, жолда қалдың.
Жатыр деп бүгін ері аударылып,
Замандас, сен де мені қорламағын.
Ақылы асып тұрса ақылымнан,
Жатты да кем көрмеймін жақынымнан.
Аз емес маған даусын көтергендер,
Дауысы шықпай жатып тақымынан.
Бұл – менің емес саған шағынғаным,
Тұрады мәңгі бақи бабында кім?
Жанбаса, баянсыз бақ жанбай қалар,
Адамды адам ғой деп қабылдағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу