Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  87


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҚАПТАҒАН, ҚАЙДА БАРСАМ, ҚАРА ХАЛЫҚ

Қаптаған, қайда барсам, қара халық,
Екі аяқ, төрт дөңгелек барады алып.
Шаттансам бірін көріп, біреулерден,
Қалады жан-жүрегім жараланып,
Кетерсің қайда бірақ дараланып?
Барады жастар кетіп жарқылдаған,
Барады қарттар кетіп қалтылдаған.
Барады біреулері жадап-жүдеп,
Барады біреу сыртын алтындаған,
Секілді сол алтынның парқында адам.
Түр басқа, киім басқа, тағдыр басқа,
Ой басқа, арман басқа әрбір баста,
Заман бір, заңымыз бір, ал тіршілік,
Түрліше, болмайды екен жаңғырмасқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу