Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  80


Автор: Жарылқасын Аманұлы

КІЛ МАРЖАН КӨККЕ СЕБЕЛЕП

Кіл маржан көкке себелеп,
Сүмбіл түн шым-шым жетті де.
Үкідей үлпек ебелек,
Бұйықты шыққа бөкті де.
Теңіз де тентек бұлқынбай,
Жай ғана жарды құшады.
Сылқ түсті орман сылқымдай,
Сыңсытып түннің құшағы.
Бозамық нұрға малынған,
Манаурап жатыр боз белең.
Ақ шәлі басқа жамылған,
Найза шың назды өзгеден.
Шеттікті торғын бетінен,
Үзілген күміс танадай.
Көз жетпес күмбез төсінен,
Сырғанап кетіп барады Ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу