Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  101


Автор: Жарылқасын Аманұлы

БАЛАМ, ҚҰМАР БОЛА КӨРМЕ АЩЫҒА

Балам, құмар бола көрме ащыға,
«Ащы» қазір дүниеде тапшы ма?
«Арманы көп ақын» дейді сені жұрт,
Арманы жоқ ақын болу жақсы ма?
Арманы аздың аздау болар қайғысы,
Қайғысыз-ақ болмадың ба жай кісі?
Өлең кітап шығармай-ақ өзгенің,
Жатқан жоқ па озып келіп бәйгесі.
Мұқағали қандай еді кешегі,
Аты аталса, жыр самалы еседі.
Ақындардың Алпамысын көргендер,
«Арманшылдау еді марқұм» деседі.
Арман, дарын шараппенен қосылып,
Кетсе, балам, мерт етеді, осыны ұқ.
Мұқағали бола алмайсың оп-оңай,
Ал армансыз ақын болу – бос үміт.
Әлін білу, жолын білу – естілік,
Өкінбегін, балам, есің кеш кіріп.
«Өкінішті» деген Мұқағалидың
Сөзі тұр ғой бәрімізге естіліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу