Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  80


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ӨЗІМДІ ӨЗІМ ҰҚПАДЫМ

Өзімді өзім ұқпадым,
Діттеген жерден шықпадым.
Құлаштар кезде құлшына,
Құлдилап құзға ықтадым
Құрыдым деп бұқпадым.
Даңғылдан түсіп соқпаққа,
Торықтым талай тоқтап та.
Күндеді, күлді дұшпаным,
Қадалды сөзі оқ боп та,
Кете жаздадым жоқ боп та.
Ар-намыс үшін жан құрбан,
Арыдым, астым сан қырдан.
Арып бір жүрген шақтарда,
Жоқ екен мұңды жалғыздан.
Жебеушім-жырым сен ғана –
Ерінге су да тамызған,
Тұншықсам, тыныс алғызған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу