Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  107


Автор: Жарылқасын Аманұлы

О, АЛЫПСОҚ, БІЛЕСІҢ БЕ, ҚАЛДЫ ҚАНША ҒҰМЫРЫҢ

О, Алыпсоқ, білесің бе, қалды қанша ғұмырың,
Мойынында темір шынжыр, түні бойы ұлыдың.
Тұнып тұрған тыныштықтың тереңінен сыр тартып,
Мен де отырмын, тозса дағы, «тозбады, деп, жұлыным».
Азаптанып, аласұрып, босамадың жарты адым,
Жүрегінде жатыр екен, қанша қайғы, қанша мұң.
Сен тілесең еркіндікті, ерен ойды мен тілеп,
Дана сөздің дариясын кешемін деп шаршадым.
Қараңғы түн, қаптаған ой, қалай жаның тыншымақ,
Сыртқа шықсам, тұр екенсің көкке қарап қыңсылап.
Сен иеңнен ала алмасаң мына таңға кеңшілік,
Мен киемнен ала алмадым жарты шумақ жыр сұрап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу