Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  111


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖЕҢІС

Жеңіс, жеңіс, жеңді ерлер өлімді,
Жеңіс үшін қаншама қан төгілді.
Қаншама үйдің шам-шырағы ерте өшіп,
Қаншама ердің қабырғасы сөгілді.
Қайран ерлер, қайран боздақ қыршындар,
Сендер – мәңгі жаңғыратын жырсыңдар.
Өлді деуге сендерді мен қимаймын,
Жүректерде құндақтаулы тұрсындар.
Қашанда да бірге жасар өреңмен,
Сендерсіңдер өшпес даңқа бөленген.
Жеңіс күні салтанатта бәріңнің,
Рухтарынды төр алдынан көрем мен.
Өткен күннің болуы үшін бәрі есте,
Аттарыңмен аталады нәресте.
Ер ерлігін мақтан тұтып, қадірлеу –
Қашан дағы ұрпаққа тән емес пе?
Жанарларың – мәңгі оттың жарығы,
Сендерсіңдер ердің ері, алыбы.
Қан майданда жүріп өткен жолдарың –
Барлық жолдың айбындысы, анығы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу