Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  106


Автор: Жарылқасын Аманұлы

КІМ ДЕ БОЛСАҢ, ҚУАНАМ БОЛҒАНЫҢА

Кім де болсаң, қуанам болғаныңа,
Болғаныңа, тұғырға қонғаныңа.
Адам түгіл, ағаштың жапырағы,
Табан асты жатпасын жолда мына.
Замандаспыз, арман бір алаңдатқан,
Кезікпеңдер кесірге табандатқан.
Бақыт түгіл, қайғыңды бөлісемін,
Маған қалай батпайды саған батқан.
Саған қалай батпайды маған батқан,
Ортақ бізге – туған жер бабам жатқан.
Адам күні адаммен, кім болсаң да,
Кім болсаң да аман бол жаманаттан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу