Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  85


Автор: Жарылқасын Аманұлы

СЫРЛАСТЫМ ЖАЛПАҚ ЕЛМЕН ДЕ

Сырластым жалпақ елмен де,
Сырластым жаннат жермен де.
Сұрапыл дауыл, селмен де,
Жібектей жұмсақ желмен де.
Ай жүзген айдын көлмен де,
Көк торғын мұнар белмен де.
Жаза алмай бірақ жақсы жыр,
Тарқайтын емес шер менде.
Қиқулап құстар келгенде,
Қызғалдақ қыздар тергенде.
Қозы-лақ қырға өргенде,
Құлдырап құлын ергенде.
Желкілдеп бота желгенде,
Енесін алғаш емгенде,
Жазып бір тастап жақсы жыр,
Тарқаушы еді шер менде.
Келесің қашан, көктемім,
Көктемім, тездет жет менің.
Селдете нөсер төккенін,
Тауларға бұлт шөккенін,
Дихандар алып кетпенін.
Малшылар киіп шекпенін,
Астына кемпірқосақтың,
Көрейін кіріп кеткенін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу