Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  75


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АДАМДЫҒЫН ӨЗІНІҢ ТҮСІНБЕГЕН

Адамдығын өзінің түсінбеген,
Кім сөйлесер түйсіксіз кісіңменен.
Ұлыққа да айтамыз кішік бол деп,
Болмай жатып қорқамын ісінгеннен.
Қанға сіңген олардың бір өнері,
Ісің түссе сыздана түнереді.
Әлде көрсе – майысып, маймаң басып,
Әлсіз көрсе – талтаңдап шіренеді.
Осы шығар кертартпа, пендешілік,
Пенде атын бүркенген кем бе есірік.
Сен кешіріп, ағайын, осыларды,
Не болады, айтпасам, мен кешіріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу