Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  151


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖАҚСЫЛЫҚ КЕРЕК

Жақсылық керек саған да,
Жақсылық керек маған да.
Жасаймын десең жамандық,
Табыла қалар табанда.
Сен маған кесір еткенде,
Мен кеміп кері кеткенде.
Осы ісің дұрыс болды деп,
Арқаңнан қақпас еш пенде.
Емеспіз біздер бақталас,
Емеспіз біздер тақ талас.
Менен сен жапа шеккенде,
Мені де ешкім мақтамас.
Жамандық аты жойылсын,
Бақастық деген қойылсын.
Мен жүрсем сені көре алмай,
Көр болып көзім ойылсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу