Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
93
ӨЛЕҢ ШІРКІН
Өлең шіркін көнеді ме бұлтаққа,
Бұлтақтасаң үнің жетпес ұрпаққа.
Жалғыз ғана шындық керек біз үшін,
Жан алғыштың алдына кеп тұрсақ та.
Өлең шіркін көнеді ме бұлтаққа,
Бұлтақтасаң ұяттысың ұрпаққа.
Өлмейтіндер – ақиқаттың ақыны,
Ұрпақпенен тұратұғын бір сапта.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter