Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  86


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АЙТАТЫН САҒАН, АРМАНЫМ МЕНІҢ КӨП ЕДІ

Айтатын саған, арманым менің көп еді,
Тағдыр-ай, тағдыр, тілімді кесті, бөгеді.
Сарғайып барам, көңілім жасыл көк еді,
Көктемім болсаң, нөсерің қашан төгеді?
Сенбеуші едім үміт те сөнер дегенге,
Үмітім сөнсе сені іздеп мұнда келем бе?!
Сенбеуші едім сенім де семер дегенге,
Сенімім семсе сені іздеп мұнда келем бе?!
Амалым бар ма сенбеске енді, сендірдің,
Түңілмес деме, түңілттің, жерге төндірдің.
Қимасым едің, қиылып түстің, көндірдің,
Жанымның отын жақтың да өзің сөндірдің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу