Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  103


Автор: Жарылқасын Аманұлы

СЕН СҮЙГЕНДІ МЕН СҮЙСЕМ АЙЫП ПА ЕКЕН?!

Сен сүйгенді мен сүйсем айып па екен?!
Айтқан серттен қалайша тайып кетем.
Аягөзде туылып Баян сұлу,
Туар жері Жібектің – Жайық па екен?!
Әр жердің бар Жібегі, Ақбаяны,
Сүйіспеген жандардан бақ таяды.
Жоқ та емес Қодар мен Бекежандар,
Қылықтары әлі де жат баяғы.
Қозы Көрпеш емеспін, Төлеген де,
Олардан кем емеспін елегенге.
Жібектерге, Бекежан, Баяндарға,
Қодар болып бірақ та төне көрме!
Мен сүйгенді сен сүю айып емес,
Айыбы сол – күшпенен бөле көрме.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу