Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  114


Автор: Ислам Қосжан

Теңіздегі сұлулық

Тер кепсе де шөл кетпей,
Ай сәулесі Теңіздегі өрнектей.
Тербеледі суға түскен көлеңкем,
Жаға қуып жеткен құты шөлмектей.
Сағыныш ән -
Аңсатқан,
Бір құбылыс толқындарға қарсы аққан.
Қиқулайды аппақ құстың базары,
Жартастарға ән жаққан.
Үш бұрыш боп екі түзу қосқанда,
Құс тізбегі ақ сәулелер аспанда!
Қанаттары ұқсайды екен дәптерге,
Ән төгілген,
Әрбір бетін ашқанда.
Бір-бірімен жарысқан,
Сұлулық та тұрады екен ағыстан.
Кейде маған көрінеді сұлулық,
Дүние боп,
Осында кеп табысқан.
О теңізім,
Шын сұлулық сен деп ем,
Толқындарың дүниені тербеген.
Менің шөлім –
Пендеден,
Әлем жатыр сұлулыққа шөлдеген!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу