Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  246


Автор: Ислам Қосжан

КАСПИЙДІҢ ТОЛҚЫНДАРЫ – АЙ

Ашылған Күн нұрынан,
Шашылған алтын арай.
Ән ескен сылдырынан,
Каспийдің толқындары-ай!
Каспийдің толқындары - ай
І
Кеудесін желге тосып,
Маңайын сәнді етеді.
Тұрғандай перне басып,
Толқындар әндетеді.
Сөйлеген жыр тілінде,
Жағасы шаттық айым.
Сұлудың кірпігінде,
Толқының – аққу мойын.
Бар бақыт бір өзінің,
Басына қонып алған.
Сұлу Ай білезігін,
Суыңа шомылдырған.
Жағаңда тасың қалған,
Сұлудың моншақтары,
Сәулесін шашып алған,
Созғанда саусақтарын.
Ашылған Күн нұрынан,
Шашылған алтын арай.


Ән ескен сылдырынан,
Каспийдің толқындары-ай!
ІІ
Алдымнан шықты көсіліп,
Самал жел құсап есіліп.
Парақтап дәптер ашқандай,
Толқындар жатыр көсіліп.
Алдымнан шықты тік тұрып,
Тереңнен сырды ұқтырып.
Ойлаған тағы ойыңды,
Толқындар, әне, кетті іліп.
Толқындар,- дейді,
Тулайды,
Айтылған сәтте ол жайлы.
Толқындар ой ғой жиналған,
Тыныштық ойда болмайды.
Толқындар,- дейді,
Тоңады,
Жағалап келса жағаны.
Толқындар от қой,
От деген,
Көкпіңбек толып жанады!
Жоқ мұнда шет пен шек деген,
Сұлулық соқпай өтпеген.
Ұзындық пенен тереңдік,
Бірігіп кеткен көкпенен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу