Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  87


Автор: Ислам Қосжан

Түнгінгі қонақ

- Бұл кім ей, қаққан есікті,
- Менмін ғой – деді Финдилей.
- Қойсаңшы мұндай кәсіпті.
- Қоймаймын – деді Финдилей!
- Тісіңнен бірақ шығарма,
- Өллаһи – деді Финдилей!
Роберт Бернс


Бұзылмай түннің орамы,
Тыныштық басқан ойды да.
Есікті біреу қағады,
Кірем деп, түннің қойнына.
Көп күткен үміт кешікті,
Жоқ оның енді амалы.
Қаға алмай түнгі есікті,
Жырларым кетіп барады.
Тарақтап қара бұрымын,
Ұйқысы түннің керемет.
Есікті қағып не жының,
Оятып түнді не керек?!
...Есікті қақса тұрмадым,
(Мойынды тағы бұрмадым.)
Үндеме - деді сырларым,
Өллаһи - деді жырларым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу