Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  84


Автор: Ислам Қосжан

Көгершін

Бала кезімде жабайы кептердің жұмыртқасын әкеліп, үй көгершініне
бастырып шығарттым. Есейгенде сол кептерім жабайы кептерлерге ілесіп,
төбемде үш ай налып кетіп қалды. Мен кептердің балапанын емес,
жұмыртқасын әкелдім ғой...
Есімде жүр...
Бала күнгі көгершін,
Жүрегімде,
Елес ғұмыр неге өлсін!
Бала көңіл аспанында көп күтті,
Деген болар,
Түбінде бір келерсің.
Балалық-ай,
Арманшылдау келерсің,
Періштелер қанатыңды демер шын.
Жабайы құс жұмыртқасын бастырып,
Кептер емес -
Өспеді ме көгершін?!
Әр нәрсеге уақыт жетіп,
Келер сын,
Табиғаттың заңдылығын көрерсің!
Үш қайтара айналды да төбемнен,
Өз тобына кетті ілесіп көгершін.
Үйде өскен, түзді білмей көгершін,
Бала көңіл алай-дүлей, не дерсің?!
Сен жасаған бояуыңды таппадым,
О, Таиғат шеберсің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу