Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  120


Автор: Ислам Қосжан

Парыз бен Қарыз

..Баспалдақтан аттаған кезде Жәбірейіл былай деді:
«Кім де - кім әке - шешесін көздері тірі кезінде риза етпей, оларға
қиындық әкелсе, Алла ол кісіні мұңайтатын болады»
Ана - мәңгі тәрізді,
Еркелікпен жүріппін.
Біле тұрып парызды,
Қарызымды ұмыттым.
Тірегім бар арқамда,
Тілегің боп жүріппін.
Қарызды көп алсам да,
Парызымды ұмыттым.
Кеткен күні жаны ізгі,
Кештеу біліп қалыппын.
Прызым мен қарызды,
Тым көбейтіп алыппын.
Ескерткіш деп өлеңмен,
Қарызымды өтермін,
Парызымды,


Дегенмен,
Қалай өтер екенмін?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу