Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  100


Автор: Ислам Қосжан

Шайырлық шешен

Арқардай мекірейген сәнді сөз,
Айғырдай ақыранған әнді сөз.
Қайыңның қабығынан қатты сөз,
Жұтсаң балдай тәтті сөз.
Салмағы ауыр Ата сөз,
Жібектей жұмсақ Ана сөз.
Есілген желдей Шаңтимес,


Шабысы ерек Ақмоншақ,
Асылы бөлек Алкетті.
Желді күні желдеттім,
Шаңды күні шаңдаттым,
Шапқан сайын көсілдім,
Ешкімге есе бермеппін.
Шайырдан шыққан шешенмін,
Сөйлей-сөйлей кетермін,
Сөйлеген сайын бетермін.
Жүйесімен сөйлесем,
Балдай тәтті,
Шекермін.
Ту етіп сені көтердім,
Қазақи сөзде құдірет,
Ардақтап сені өтермін –
Деп, сөйлейді келтіріп,
Оразғали Өтеулің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу