Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  77


Автор: Ислам Қосжан

Қазақтың арлы баласы

С.Ерқасұлына
Қимылы егіз ісімен,
Сексеуіл жанса шоқ қандай?!
Жаныңды жақын түсінген,
Көңілі аппақ ақ қардай!
Төрінде үйдің қанжар тұр,
Болаттан таза соққандай.
Көненің көзі қалған бір,
Зерленіп өрнек таққандай.


Сабырмен сақтап тұр қыны,
Соғылған таза болаттан.
Суырса қыннан,
Қимылы,
Жарық етіп жүзі қаратқан.
Сабырлы тұрыс,
Бары осы,
Бір істі бірдей біледі.
Қазақтың арлы баласы,
Қазақ деп соққан жүрегі!
Қарасы өткір,
Тас түйін,
Ізденген ісі тынымсыз.
Атыңа мадақ естимін,
Дер шағында –
Бүгін сіз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу