Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  85


Автор: Ислам Қосжан

Іздеу

М. Болатқа
Жүргенде,
Тұман...
Қамап ой,
Дедім мен қайда сол аға?!
Інісін іздер аға ғой,
Інісіз аға бола ма?!


Кезесті жолда мың адам,
Ағадай көңіл тола ма?!
Кетсем бе әлде қаладан?
Ауылда жүрген ағаға.
...Сол жүріс,
Жүріс бұрынғы,
Сіз кеткен жүрмін қалада.
Бәрінде қойшы,
Жырымды...
Оқыды ма екен?
Сол Аға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу