Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  114


Автор: Ислам Қосжан

ЖЕМЕНЕЙ

Қытайда Жеменей көлі,
Жеменей жайлауы,
Жеменей ауданы бар...
Радиодан
Білмеген жүр...
Білгендері елемей,
Жетті бізге айтылған сөз –
Жебедей.
Шин елінде,
Қытайдағы жайлауда,
Қайдан жүрсің Жеменей?!
Көзі болып -
Сөзі болған ескінің,
Бүгіндегі жатта қалған ескі мұң...
Елес аудан, көлі менен жайлауы,
Туу алыстан ат дүбірін естідім.
Естімеген...
Естігенді елемей,
Шин елінде гуілдейді жел өгей.
Қытай киген жейдеде,
Аман қалған түймедей,
О, Жеменей, Жеменей!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу