Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  82


Автор: Ислам Қосжан

БІРЕУГЕ ЖАЗДЫМ ӨЛЕҢДІ...

Жақсы деп біреу мақтаса,
Местей күпіп ісесің.
Біреудің сөзі жақпаса,
Соңына қалмай түсесің.
Қажеті жоқ қой ақылдың,
Өз білгенің өзіңде.
Ойланбай тағы ақырдың,
Қан ойнап көкшіл көзіңде.
Қолыңда бар деректей,
Байбаламға салдың ғой.
Түбі тесік шелектей,


Салдыр ете қалдың ғой.
Сөзде жоқ іспен үйлесім,
Не дейін басқа мен енді.
Сөздерім саған тимесін,
Біреуге жазым өлеңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу