Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  269


Автор: Ислам Қосжан

Бауыр мен өкпе

І
Өкпесі бар бауырдың,
Бауырға шын зәрумін.
Арасында жүрмін бе?
Екі бөлек ауылдың.
Өкпесі жоқ бауырмын,
Өкпеліден тәуірмін.
Арасында жүрмін бе?
Қайта соққан дауылдың.
Бары жақсы бауырдың,
Жолы жоқтай барудың.
Өзі қиын бәрінен,
Бауыр болып қалудың!
ІІ
Туыс деп қиын есептеу,
Көрмеген бұрын,
Туысқан.
Әйелге тән ғой өсектеу,
Ерлерге қалай ауысқан.
Іздесе себеп,
Амал көп,
Өсекке айыз қана ма?
Сыртынан айтсақ жаман деп,
Жаманың жақсы бола ма?!
Ерсем деп едім қасыңа,
Туыс ек көрмей табысқан.
Көргендігің осы ма?
Келгенде інің алыстан.


Жыр жазып едім бұрын да,
Жыр жаздым аға, тағы да.
Сыртымнан босқа ұрынба,
Түсірме сызат жаныма.
Өсекті қойшы сазармай,
Інің ем,
Назбен тіл қатқан.
Өкпесі қара қазандай,
Қайғысы оның бір батпан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу