Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  105


Автор: Ислам Қосжан

Келінтөбе

Тұрысын-ай,
Затына аты келіп,
Мың бұралған сұлу Сыр шашын өріп.
Күн шыққанда дүние таңданады,


Паңданады,
Келінтөбе қасын керіп.
Келінтөбе,
Мысалы,
Ал, қыз делік,
Алу қайда?
Білмеймін,
Әнсіз келіп!
Іздейтіндер тағы да табылады-ау,
Алып қашса қайтеді?
Таң сыз беріп.
Жүрек керек,
Қайтуға көркін көріп,
Кетер ме екен гүлдерін жел сындырып?!
Ай туғанда шығам деп,
Келінтөбе,
Шықпай қалған секілді желпіндіріп.
Ақ моншақтай,
Жанары жасқа толып,
Ұялайды бұлттары тасқа қонып.
Жел шайқаған үкісін сәукеленің,
Тұрысын-ай,
Қасқаның,
Басқа болып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу