Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  96


Автор: Ислам Қосжан

Сартас*

...Маңғыстаудың ойында,
Қарайды бізге мүсіркеп,
Мықтылық пенен Көркемдік.
Е.Раушан.
«Сары тас» - деген,
Бұл неме,
Сап-сары ма?
Қоспа құсап қосылған ақ, сарыға.
«Үш ауыздан*
» теңізге құлағаның,
Жұдырықты жұмғанда ашқаның ба?
Шаншылады «Үш ауыз» аспанымда,
Қадалатын қазық жоқ, сасқаныңда!
Оңай ма екен биіктен лақтырылу?
Оттан суға түскендей қас-қағымда.
Мықтылықты сынайтын бала, күнің,
Я, Жаратқан дегейсің,
-- Ая, бүгін!
Көркемдікті көрмесең мүсіркейді,
Төсер теңіз көкпіңбек жаялығын...
Еңкейемін,
Тағы да,
Шалқаямын,
Өркешіндей сары тас нар маяның.
Шулағаны теңіздің,
Төркін іздеп,
Сыңсып шыққан қызындай баяғының!


 




*«Сартас» (Сары тас) – жағасы теңіз, таулы жер.


*«Үш ауыз» – теңізге келуге үш таудан өтетін қақпа




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу