Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  76


Автор: Ислам Қосжан

Ақиқатқа хат

Ақиқат (Ізберген) дүниеге келгенде әкеміз Рзабек ағашты ойып, домбыра жасаған
екен.
Жығып тастап,
Бір ағашты шалқадан,
Шөміш-шөміш тер шығарып арқадан.
Сен туғанда сол ағашты шауыпты,
Шыға ма деп ән содан!
Жауап іздеп,
Таппай жауап қаша адам,
Бітер іске күте-күте шаршаған.
Екпінінде найзағайдың жарқылы,
Әке үнсіз,
Үн шығыпты балтадан.
Қуат беріп,
Жігеріне сол қадам,
Сен туғанда әкем әнді аңсаған.
Ақиқаттың бір тартқанын көрем деп,
Бір домбыра жасап берген аршадан.
Солай болсын...
Мен ырымға сенемін,
Әкеміздің жалғастырған өлеңін,
Арша ағаштан бір домбыра жасалған,
Аға сенің артыңа ерген мен едім.
Әкеміз жасаған домбыра облыстық мұражайда




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу