Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  79


Автор: Ислам Қосжан

Аралбай жыр

...Көңілім шатты күнінде,
Аралтай едім халқыма.
Әлдилеп сүйген жалғызым,
Қайырылмай кетті-ау артына.
Аралбай.
Жұмбақ болып көрінген,
Аралдай дүр,
Оқшау қонып керілген,
Қамалдай тұр.
Үйірінен адасқан құлындай бір,
Оралмай жүр,
Неліктен?
Аралбай жыр!
Шоқ түсірген жүрекке,
Жанардай нұр,
Таңғы шыққа сүрінген,
Самалдай бір.
Қона алмай жүр,
Неліктен?
Аралбай жыр!
Табылмай жүр,
Қасқалдақтың қанындай жыр.
Таңдайыңа татыған,
Шырындай жыр.
Оралмай жүр,
О, жалғызын іздеген,
Аралбай жыр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу