Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  89


Автор: Ислам Қосжан

Жанғабылдың Сәттіғұлы

Бірде Сәтіғұл Қашағаннан:
– Мен қандай жобадағы ақынмын? – деп сұрапты.
– Сөздерің дәнді, бірақ көп сығалайтын мергенсің, сен сығалаймын
дегенше жау кезек күтіп тұра ма?! – деген екен. (Сәтекем көптеген
шығармаларын көрпені бүркеніп жатып шығарды деген де сөз бар)
Отты сөзі жалындай,
Отты жыры,
Қақыратқан дауылдай,
Өткір үні.
Тартып тұрған жебені,
Сөз мергені,
Жанғабылдың Сәттіғұлы!
Тәтті сөзі қауындай,
Тәтті жыры,
Туған өлең бүркеуде,
Сәтті күні.
Сөзі шықты бүркеуден,
Өзі қалып,
Жанғабылдың Сәттіғұлы.
Қатты сөзі,
Жауындай ақты жыры,
Құлағыңа келгендей ат дүбірі.
Сөзі шықты,


Бүркеуден өзін алып,
Жанғабылдың Сәттіғұлы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу