Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  190


Автор: Ислам Қосжан

ЖЫҢҒЫЛДЫ

... Өнер мен үлгі - өнеге жөнінен Қазақстанды
кең жазира дала десек, Маңғыстау – оның оазисі,
ал Жыңғылды – соның нақ ортасындағы гүл бағы.
А. ЖҰБАНОВ.
Тау болмаса...
Құйылмас жыры мұндай,
Құр-құрлаған,
Құрлардың қылығын-ай.
Таңдай қаққан тастары,
Тас төбеңде,
Тау бұлағы таулардың бұрымындай.
Күннен түскен сәуленің сынығын-ай,
Отта жанған жыңғылдың шыбығындай.
Қырмызы гүлі жыңғылдың жайқалады,
Абыл тартқан,
Күйлердің тұнығындай.
Ұғатындай көп сырды дала мұнан,
Ұшты қанша,


Бұл таудан дара қыран?!.
Үрпек*
бетке тау суы ағып жатыр,
Абыл тартқан домбыра шанағынан.
Күй секілді басталған жоғарыдан,
Сумен қоса күй аққан бұлағынан!
Есір болып,
Есілген есіл күйлер,
Құйылғандай Ай –
Шуағынан!


 




*Үрпек – Жыңғылды елді мекеніндегі тау суы жиналатын қазандық




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу