Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  79


Автор: Ислам Қосжан

Өмір – өлең

Жатарда,
Үш қайырған келемеден,
Туса ғой дәл осындай кемел өлең.
Кәдімгі жапырағы,
Сабағы бар,
Дәптерге көшет қылып өлең егем.
Сапарда,
Үш қайырып келемеден,
Бір ойлар кетпей қойды неге менен?
Өлеңді шеңбер сызып шыр айналам,
Білмеймін қызғанамын сені неден?!
Күбірлеп,
Жатқа айтып келемеден,
Түбі бір кетпеспін-ау сенен өлең.
Бәріне ортақ жалғыз жүрегім бар,
Біткенше соңғы демім, төге берем!
Бүгін тек,
Сазға салып келемеден,
Түндерге тіл қатайын түнемеген.
Әуенмен жүрегімді тербетейін,
Қосылып сеніменен,
Өмір – Өлең!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу