Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  115


Автор: Ислам Қосжан

Маңғыстауға келдің бе?!

... Түбінде,
Маңғыстауға барамын мен,
Қасыма ертіп алып «Қырық қызымды»...
Ақтәжі (Қарақалпақтың ақын қызы)
Тауы да,
Теңізі де – кілең өлең,
Келдің бе,
Маңғыстуға келем деп ең?..
Қаратау Маңғыстаудың қақпасы де,
Шегелеп қой тастарын шегендеген.
Тастары шежіредей,
Кілең көсем,
Жатқаны уақыт күтіп, еленбесем.
Он жылда бірақ рет көгеретін,
Шөптер бар Маңғыстауда көрем десең.
Тарихтың тұнып жатыр ашпағаны,
Жазылған ескі хаттай тасқа бәрі.
Меккесі Қаратаудың Бекет жатыр,
Сол тұстан Маңғыстау да басталады.
Қадамың сәтті болсын бағыттаған,
Алдыңнан Теңіз шығар салып бір ән.
Мен саған Теңіз болып төселемін,
Төсінде ақ шағала қалықтаған.
Берілсе аз-мұздаған өмір- дерек,
(Жүремін мен қасыңда көңіл демеп).
Түсініп, Маңғыстауды жырлау үшін,
Жеті рет кетіп және келу керек.
Көркі - Күн,
Мекенімді аралашы,
Дейтұғын ескі көздер - Тұран осы.
Түнді де жап-жарық боп қарсы алады,
Биікке шырақ жағып мұнарасы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу