Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  233


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Құбылаға бұрсаң болды....

Құбылаға бұрсаң болды бетіңді,
Шұғылалар құбылады не түрлі.
Көк пен жердің арасы бір,
Аспаны,
Театрдың шымылдығы секілді.
Қызған темір баратқандай салқындап,
Жасылданып,
Сәуле шашып әртүрлі ақ.
Кететұғын аспан асты бір кезде,
Якуттардың сапысынша жарқылдап.
Көктегі осы шұғыла-нұр, сән қандай!
Аңшылар да өте алмайды таңданбай.
Табиғаттың
ғажабына бас шайқап,
Тұрады ылғи жаңа көре қалғандай.
Ауа райы, хабаршысы сол, әні,
Көк нұр шашса – көктем жайлы болады.
Шөп ырғында көбейеді аң мен мал,
Нұр шашылсын, қазан аузы жоғары!
Тек тайгадан табады ол тапқанын,
Аңшы якут көрдің керіп жатқанын.
Шұғылаша жарқырайтын жон түгі,
Қарсақтарға баттық дейтін қақпанын.
Тайга асылы көздің жауын алады, ә?!
Аукцион болады үлкен қалада.
Шұғылаша аң терісі жарқырар,
Лондонда, Парижде һәм Гаагада.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу