05.06.2022
  3463


Автор: Туған күнге тілек

Елу бестің ақ таңы

Атты міне күлімдеп,
Елу бестің ақ таңы.
Құтты болсын туған күн,
Шырқап шаттық тәтті әні.

Саулығыңыз мықты боп,
Күлімдесін күніңіз.
Өмір сыйлап шаттығын,
Таусылмасын жырыңыз.

Арайлы таң бақ сыйлап,
Қуанта берсін лайым.
Әр күніңіз сәтті боп,
Жар болсыншы Құдайым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу