05.06.2022
  2342


Автор: Туған күнге тілек

Туған күніңізбен елу бес жас

Елу бестің ақ таңы,
Есік ашты, қараңыз.
Құтты болсын туған күн,
Артып атақ, бағаңыз.

Бұл елу бес қуантсын,
Шаттығымен тербелеп.
Ортамызда жүріңіз,
Амандықта еркелеп.

Болмасын қайғы-мұңыңыз,
Арайлы таң нұр сыйлап.
Елу бес жас жалғансын,
Бақыты көп үн сыйлап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу