05.06.2022
  3427


Автор: Туған күнге тілек

Келді 50 мерейтой

Келді елу мерейтой,
Құтты болсын тіледім.
Бар жақсыны арнайды,
Соғып тұрған жүрегім.

Күлімдесін жүзіңіз,
Отбасыңыз аман боп.
Әр күніңіз нұрлансын,
Сәтті басқан қадам боп.

Арайлы атсын таңыңыз,
Шырқап шаттық әніңіз.
Жүз жасаңыз, жүз көктем,
Тамыр жайып бағыңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу