05.06.2022
  2493


Автор: Туған күнге тілек

Туған күніңізбен 45 жас

Құтты болсын бүгін туған күніңіз,
Ортамызда аман-есен жүріңіз.
Қырық бес жас сыйлап сізге қуаныш,
Сәттілікте өтсін әрбір күніңіз.

Құтты болсын бүгін туған күніңіз,
Қуанышта шыға берсін үніңіз.
Қырық бес жас сыйлап таңның арайын,
Таусылмасын әніңіз бен жырыңыз.

Құтты болсын бүгін туған күніңіз,
Әрқашанда шаттаныңыз, күліңіз.
Қырық бес жас күніңізді нұрлы етіп,
Тыныштығын сыйлай берсін түніңіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу