Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  101


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖАНАРЫМ-АЙ, БӘРІНЕ КІНӘЛІСІҢ

Жанарым-ай, бәріне кінәлісің,
Қимастықтан тұр енді жылап ішім.
Мен кінәлі емеспін, мен кінәлі,
Мына еліктің күнәсіз лағы үшін.
Бөленді ол бөлекше шуағыңа,
Шуақтаған жанды адам қуады ма?
Саған екі кездесер тіршілікте,
Екінші рет мұндай жан туады ма?
Тұрмыз енді мәңгілік қоштасқалы,
Бізді қайтып ғұмырдың қоспас дәмі.
Қылы едің қолдағы қобызымның,
Сен үзіліп, мен тұрмын от басқалы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу