Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  83


Автор: Жарылқасын Аманұлы

САҒАН ҚОЛЫМ ЖЕТПЕЙТІНІ БЕЛГІЛІ

Саған қолым жетпейтіні белгілі,
Маған сенің елтпейтінің белгілі.
Сен Ләйлі боп тусаң дағы мен үшін,
Мен Мәжнүн боп кетпейтінім белгілі.
Сұлуларға жаны құмар емес кім,
Сұлулар-ай, сұлу саз-ай деп өстім.
Сұлуларға сүйсінгенім болмаса,
Сұлуларға ғашық болған емеспін.
Сезімің де сымбатыңдай сұлу ма?
Жасырын сыр жанарыңа тұнуда.
Жүзіңе емес, жүрегіңе үңіліп,
Кім екен деп, есіл-дертім құруда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу