Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  102


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖАЙЫЛЫП ЖАСТЫҚ БОЛЫП КӨРІНГЕНГЕ

Жайылып жастық болып көрінгенге,
Жалғасып жең ұшынан бөлінгенге.
Жасаған жақсылықтың қайтпай бірі,
Ұялдым өзге түгіл өзімнен де.
Қу кетті өз ұпайын толықтырып,
Мен қалдым көңіл көгін торықтырып.
Десем де бұдан былай сақтанармын,
Сап кеткен жүрмін қуды жолықтырып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу