Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  112


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АУЛАҚ ЖҮР МЕНЕН, АУЛАҚ ЖҮР, АРАМЗА БОЛСАҢ АРАЗБЫН

Аулақ жүр менен, аулақ жүр, арамза болсаң
аразбын,
Сусыным қанған сырына сырғыған сендей
сабаздың.
Жылуын тосқан жатқа да жазықсыз қайран
жүрегім,
Сызылып қалған бетіндей болыпты әппақ
қағаздың.
Мысықтай болып майысып, тұрысында да гәп
бар-ау,
Түп-түгел ішкі сарайың, пәтшағар, бірақ
қап-қара-ау?!
Сырыңды біліп сыртыңнан айналып кетсем
қалмайсың,
Сөйлесіп тұрған сенімен мені де тәңір атқан-ау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу