Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  98


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҚАНАТЫҢ ТАЛА КӨРМЕСІН

Қанатың тала көрмесін,
Маңдайың мейлі терлесін.
Жігерлі менің жерлесім,
Жалынды менің жерлесім.
Жүлделі болдың жасыннан,
Жүлдесіз болу ерге сын.
Қалқан боп тұрар ызғарға,
Кеудесін төсер мұз-қарға.
Өзіңдей ұл мен қыз барда,
Асады шыңнан шыңдарға
Арқау боп дастан, жырларға.
Қиындық талай кездесер,
Кездессе ерлер белдесер.
Бағы үшін туған елінің,
Бақытты болар терлесе ер.
«Бейнеттің түбі – зейнет», – деп
Айтпаған баста ел бекер.
Жолынан әке танбаған,
Ерлігін өлмес жалғағын.
Асулар қанша алда мың,
Артамын деген салмағын.
Қыранның ұлы қыранша,
Бұдан да биік самғағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу