Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  62


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ТЫНШЫМАДЫ КӨҢІЛІМ, ТЫНШЫМАДЫ

Тыншымады көңілім тыншымады,
Тыншымастан қай жаққа құлшынады?
Бірде күндей жап-жарық, бірде түндей,
Жанып-өшіп жанымның мың шырағы.
Жанып-өшіп жанымның мың шырағы,
Жүрегімнен бір мұңлы үн шығады.
Көмейіме кептелген көздің жасы,
Қосарлана о да тұр ыршығалы.
Сапарымның білемін сәттісін де,
Өмірімнің білемін тәттісін де.
Құшағына көмілдім күнәһардың,
Құшағымда тұншықты пәк мүсін де.
Жанға тыным сонда да болар емес,
Қыран-арман қолыма қонар емес.
Бақытсыз да емеспін, бағасыз да,
Бірақ, бірақ көңілім толар емес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу