Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  119


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АПТА, АЙЛАР, ТОҚТАМАС ЗЫМЫРАҒАН

Апта, айлар,тоқтамас зымыраған,
Бірге зырлап барады ғұмыр-адам.
Елес беріп бейнесі келешектің,
Естіліп тұр келешек жыры маған.
Ашылмаған әлемде сыр қала ма?
Жаңалықсыз жалпақ ел құр қала ма?
Сыбырлаған сыбыры бір қаланың,
Естіліп тұр сол сәтте бір қалаға.
Айдан келіп жатырмыз, Айға барып,
Айға барған бұрын-соң қайда халық?
Отынсыз-ақ үй-жайды жылытамыз,
Күн шуағын бұл кезде пайдаланып.
Пайдаланып жатырмыз жоқтан-барды,
Шығарамыз – керек пе, оттан қарды?
Қуантқанмен барлығы, қайғым да бар,
Қайғым – бомба, мылтықтың оқталғаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу