👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  26


Автор: Жарылқасын Аманұлы

НЕ КӨРМЕДІ МЫНА ДАЛА, МЫНА ҚЫР

Не көрмеді мына дала, мына қыр,
Мына төбе, мына ойпат, сұр адыр.
Талай-талай аттандырып заманды,
Келер тағы заман үшін тұр әзір.
Қанша гүлдеп, қанша рет көктеді,
Қанша рет сүйді күннің от лебі.
Оны айтар адам түгіл, заманнан,
Қалған белгі бұл жалғаннан жоқ, тегі.
Жаралғандай жалғыз ғана мен үшін,
Дала жатыр тосып өрін, еңісін.
Мен жырымды, сен гүліңді сыйла елге,
О, туған жер, осы болсын келісім.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы