Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  81


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ШЫРҚЫРАҒАН КӨКІРЕКТЕ ЖАН БАРДА

Шырқыраған көкіректе жан барда,
Бұрқыраған жүрегімде қан барда.
Қырға шықсам керемет деп таңданба,
Құлап жатсам құрыды деп алданба.
Құлағанға болар деме құсалы,
Құлап тұру – тіршіліктің нышаны.
Құламайтын, жыламайтын жандарды,
Құшып жатыр қара жердің құшағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу