Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  102


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АСТАНА, МЕН ДЕ СЕНІҢ АЗАМАТЫҢ

Астана, мен де сенің азаматың,
Келдім бе көбейтуге қазақ атын.
Келдім бе көбейсің деп әлде ақыны,
Өлмес жыр, өмір жайлы жаза алатын.
Әйтеуір келдім жақсы үмітпенен,
Ешкім жоқ, қой бар деп үгіттеген.
Алқына адым санап асқан бел мен,
Ауыр жол артта қалды жүріп келген.
Білмеймін сеніміңнен шығамын ба?
Ақ толқын араластым ұлы ағынға.
Тербелген теңіз-жырдың дауылпазы,
Мұқағали даусы тұр құлағымда.
«Тыңда, – деп, – ей, бәтшағар», – жекіреді,
Бұлттай желп-желп етіп көкірегі.
Жансыз жыр жазар болсаң, дейді маған,
Өз жырың өз атыңды өшіреді.
Дүдәмал осы ойдың жетегінде,
Есіл күн есеңгіреп өтеді ме?
Желқом сап жаушы мінген жүйріктердей,
Тағдырым әлде мазақ етеді ме?
Арзи ма арығаным, жүдегенім,
Жүдесем, табар ма екен жүрек емін?!
Келешек кеудесінде күмбір қағып,
Менің де тұрар ма екен бір өлең




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу