Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  85


Автор: Жарылқасын Аманұлы

КӨРЕР БЕЙНЕТ

Көрер бейнет,
Табар зейнет болмаса,
Бірде ортайып,
Бірде көңіл толмаса.
Риза емеспін,
Жігіттіктің жігерін,
Жидітсем мен, мені өмір қолдаса.
Бақытыңды,
Таптың десең бос егер,
Қайғыңды да,
Үстемелеп қоса бер.
Маңдайының,
Сел ғып төккен терінен,
Жалғыз тамшы жақсылықты тосады ер.
Ез емеспін,
Дайыныңа ұмтылған.
Ез деп айтса
Өсекшілер сыртымнан.
Келсін дағы,
Көргін менің жанымды,
Он жамылып, он бір мәрте жыртылған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу