Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  101


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҰЛЫМА

Қиын да болса қияға,
Қыран боп, ұлым, қарағын.
Өлексе жиған ұяда,
Құзғындар қанша, қарағым.
Шексіз ғып шарлар көгіңді,
Ортаймай ойлан тереңнен.
Қор етпе есіл өмірді,
Еліріп қарап төбеңнен.
Уланба, байлық, мансапқа,
Сарқырар, бір сәт тартылар.
Абырой сақта, ар сақта,
Жұлдызың болып жарқырар.
Бақытсыз көрсең шошыма,
Қолыңнан келсе жәрдем ет.
Сенімін артқан досыңа,
Қиындық түссе бар да жет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу